Семинарлар, тренингтер

Оқыту іс-шараларына қатысуға шақырамыз!

Біз 13 жылдан бері тұрақты түрде келесі тақырыптар бойынша семинарлар, тренингтер, курстар және практикумдар өткізіп келеміз:

  1. ҚР еңбек заңнамасының негіздері және келісім комиссиясы мүшелеріне арналған келіссөздер мен медиация негіздері
  2. ҚР еңбек заңнамасындағы өзекті өзгерістер, кадрлық іс жүргізу
  3. Медиация негіздері
  4. Қақтығыстарды басқаруға арналған медиативтік құзыреттер
  5. Корпоративтік заңгерлерге арналған медиация
  6. Келіссөздер жүргізу өнері. Тиімді коммуникация дағдылары, іскерлік әдеп
  7. Профайлинг
  8. Көшбасшылық және команда қалыптастыру

Тренингтерді оқытушылық тәжірибесі мен практикалық білімі мол, республиканың үздік бизнес-тренерлері жүргізеді.

Тренингтер ашық және жабық корпоративтік форматта, мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде өткізіледі. Бағдарлама лекциялар мен практикалық сабақтарды, үлестірме материалдарды, сертификаттарды, кофе-брейк пен түскі асты қамтиды. Кейбір арнайы бағдарламалар қосымша кәсіби куәліктермен, оқу фильмдерімен, дискілермен толықтырылуы мүмкін және оқуға дейін құжаттар ұсыну (анықтама, диплом және т.б.) талап етілуі ықтимал.

Тренинг бағдарламасы мен қатысу құны тапсырыс берушінің сұранысына сәйкес жеке әзірленеді.

Өтінім беріп, тренингтің толық бағдарламасын менеджер Жекебаев Тұрсыннан келесі байланыс арқылы алыңыз:

тел. 87473202313 (WhatsApp), 87782006217, 87773988627,

электронды пошта: zhekebaev.kz@mail.ru.

Семинардың мақсаты – қатысушылардың біліктілігін арттыру, еңбек заңнамасының нормаларын дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру және еңбек дауларының алдын алу.

01.05.2026

Семинар-тренингтің мақсаты – қатысушыларды медиация негіздеріне үйрету, оны жұмыста және күнделікті өмірде қолдану, медиацияның мәні, қағидаттары, өткізу тәртібі мен медиатордың құралдары туралы білім беру, табысты келіссөздер жүргізу мен даулы жағдайларды конструктивті шешуге дағдыландыру, кәсіби құзыреттерді медиативтік дағдылармен кеңейту.

01.05.2026

Семинардың мақсаты – қатысушыларды келіссөз жүргізу процесінің негіздеріне үйрету, оларды жұмыс пен күнделікті өмірде пайдалану, тиімді коммуникация мен іскерлік этика бойынша білім беру.

01.05.2026

Семинар-тренингтің мақсаты – қатысушыларды медиацияның негіздеріне үйрету, оны жұмыста және күнделікті өмірде қолдану, медиация жөніндегі заңнаманы зерделеу, келіссөздер жүргізу мен дауларды шешуде медиативтік құзыреттерін кеңейту, медиативтік келісімдерді құқықтық сүйемелдеу бойынша білім беру.

01.05.2026

Бұл семинар-тренинг ҚР Еңбек кодексінің 159-бабының талаптарына сәйкес әзірленген және ол басшылық құрамға, компания қызметкерлеріне, келісім комиссиясының мүшелеріне, қызметі дауларды, қақтығыстарды және келіспеушіліктерді шешуге, болдырмауға және болжауға байланысты тұлғаларға арналған.

01.05.2026

Семинар-тренингтің мақсаты – қатысушыларды медиацияның негіздеріне үйрету, оны жұмыста және күнделікті өмірде пайдалану үшін білім беру, медиацияның мәні мен қағидаттарын, өткізу тәртібі мен медиатордың құралдарын меңгерту, табысты келіссөздер жүргізу және даулы жағдайларды конструктивті шешу дағдыларын қалыптастыру.

01.05.2026

Семинар-тренингтің мақсаты – қатысушылардың біліктілігін арттыру, көшбасшылық қасиеттерін дамыту, топпен жұмыс істеу, команданы біріктіру және оларды қызметке мотивациялау.

01.05.2026

Семинардың мақсаты – қатысушыларға профайлинг негіздерін үйретіп, оны жұмыста және күнделікті өмірде қолдану, адамның эмоцияларын тану, өтірік пен манипуляцияны анықтау, мінез-құлқын болжау дағдыларын меңгерту.

01.05.2026

Семинар-тренингтің мақсаты – қатысушылардың біліктілігін арттыру, антикоррупциялық заңнаманы қолдану арқылы заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және комплаенс-қызметінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету.

01.05.2026