Семинарлар, тренингтер

Оқыту іс-шараларына қатысуға шақырамыз!

13 жыл бойы тұрақты негізде ай сайын біз келесі тақырыптар бойынша семинарлар, тренингтер, курстар мен практикумдар өткіземіз:

  1. ҚР еңбек заңнамасының негіздері және келісім комиссиясының мүшелеріне арналған келіссөздер жүргізу мен медиация негіздері
  2. ҚР еңбек заңнамасындағы өзекті өзгерістер, кадрлық іс жүргізу
  3. Медиация негіздері
  4. Жанжалдарды басқаруға арналған медиативтік құзыреттер
  5. Корпоративтік заңгерлерге арналған медиация
  6. Келіссөздер жүргізу өнері. Тиімді коммуникация дағдылары, іскерлік қарым-қатынас этикасы
  7. Профайлинг
  8. Көшбасшылық және команда құру

Тренингтерді үлкен оқытушылық өтілі мен практикалық тәжірибесі бар республиканың үздік бизнес-тренерлері жүргізеді.

Тренингтер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде ашық және жабық корпоративтік форматта өткізіледі. Тренингтер бағдарламасына практикалық сабақтармен бірге дәрістер, үлестірме материалдар, сертификаттар, кофе-брейктер, түскі астар кіреді. Жекелеген тренинг бағдарламалары қосымша арнайы кәсіби куәліктермен, оқу фильмдерімен, дискілермен кеңейтілген, сондай-ақ оқу басталғанға дейін құжаттарды (анықтамалар, дипломдар және т.б.) ұсыну туралы қосымша шарттарды қамтуы мүмкін.

Тренинг бағдарламасы мен қатысу құны тапсырыс берушінің сұранысын ескере отырып жеке әзірленеді.

Өтінім беріп, тренингтің толық бағдарламасын менеджерден +7 702 176 0858 телефоны арқылы алуға болады.

Семинар-тренингтің мақсаты – қатысушылардың біліктілігін арттыру, антикоррупциялық заңнаманы қолдану арқылы заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және комплаенс-қызметінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету.

01.05.2026

Семинар-тренингтің мақсаты – қатысушылардың біліктілігін арттыру, көшбасшылық қасиеттерін дамыту, топпен жұмыс істеу, команданы біріктіру және оларды қызметке мотивациялау.

01.05.2026

Бұл семинар-тренинг ҚР Еңбек кодексінің 159-бабының талаптарына сәйкес әзірленген және ол басшылық құрамға, компания қызметкерлеріне, келісім комиссиясының мүшелеріне, қызметі дауларды, қақтығыстарды және келіспеушіліктерді шешуге, болдырмауға және болжауға байланысты тұлғаларға арналған.

01.05.2026

Семинардың мақсаты – қатысушылардың біліктілігін арттыру, еңбек заңнамасының нормаларын дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру және еңбек дауларының алдын алу.

01.05.2026

Семинар-тренингтің мақсаты – қатысушыларды медиация негіздеріне үйрету, оны жұмыста және күнделікті өмірде қолдану, медиацияның мәні, қағидаттары, өткізу тәртібі мен медиатордың құралдары туралы білім беру, табысты келіссөздер жүргізу мен даулы жағдайларды конструктивті шешуге дағдыландыру, кәсіби құзыреттерді медиативтік дағдылармен кеңейту.

01.05.2026

Семинардың мақсаты – қатысушыларды келіссөз жүргізу процесінің негіздеріне үйрету, оларды жұмыс пен күнделікті өмірде пайдалану, тиімді коммуникация мен іскерлік этика бойынша білім беру.

01.05.2026

Семинар-тренингтің мақсаты – қатысушыларды медиацияның негіздеріне үйрету, оны жұмыста және күнделікті өмірде қолдану, медиация жөніндегі заңнаманы зерделеу, келіссөздер жүргізу мен дауларды шешуде медиативтік құзыреттерін кеңейту, медиативтік келісімдерді құқықтық сүйемелдеу бойынша білім беру.

01.05.2026

Семинар-тренингтің мақсаты – қатысушыларды медиацияның негіздеріне үйрету, оны жұмыста және күнделікті өмірде пайдалану үшін білім беру, медиацияның мәні мен қағидаттарын, өткізу тәртібі мен медиатордың құралдарын меңгерту, табысты келіссөздер жүргізу және даулы жағдайларды конструктивті шешу дағдыларын қалыптастыру.

01.05.2026

Семинардың мақсаты – қатысушыларға профайлинг негіздерін үйретіп, оны жұмыста және күнделікті өмірде қолдану, адамның эмоцияларын тану, өтірік пен манипуляцияны анықтау, мінез-құлқын болжау дағдыларын меңгерту.

01.05.2026